USD
USD
USD

Елорда әкімі үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын сақтық шаралары мен санитария нормаларын карантиннен кейін де барынша сақтауға шақырды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Елорда әкімі үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантин алынғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасадық. Болжамға сәйкес, жағдай бірден жақсарып кетпейді. ОРВИ маусымын ескерсек жылдағыдай медициналық мекемелерге аурытпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, өкпені жасанды желдету және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері де жеткізіледі. Екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізілді. Біз бұл жұмыстарды жүйелі негізде жалғастыра береміз», – деді А.Көлгінов.

Елорда басшысының айтуынша, қажет болған жағдайда барлық 16 инфекциялық стационар қайта ашылады.

«Спорттық ғимараттар мен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орындар әзірлей алады. Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары алғашқы карантиннен кейін санитария нормаларын сақтамады. Бұл, кері әсерін тигізіп, індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер