23 Желтоқсан 09:42

Елімізге 3 млн доллардың отшашуы импортталған

Фото:

Карантин шектеулеріне қарамастан елімізге импортталған пиротехника көлемі көп.

Алматы, NEGE. Карантиндік шектеулерге қарамастан, Қазақстанға пиротехника импортының көлемі азайған жоқ. Бірақ отшашулар бағасы өскен. Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың 10 айында республикаға жалпы сомасы шамамен $3 млн болатын 2,4 млн дана отшашу мен басқа да пиротехникалық бұйымдар әкелінді. Олардың төрттен бір бөлігі Ресейден келсе, қалғаны Қытай, Кипр және Германиядан әкелінген. Биыл барлығы 2,4 миллион дана отшашу импортталды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылдың осы кезеңінде шетелден 1,7 миллион дана пиротехникалық өнім алынған. 

Тегтер: