19 Маусым 17:28

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Фото:

20 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жауын-шашынмен қатар бұршақ түседі.  Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр жылдамдықпен соғады. Өскеменде дауыл болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метр. Семейде де дауыл болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метр.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін сынап бағаны төмендеп, үсік жүреді.

Ақмола облысында түнде кей жерлеріндеде сынап бағаны минус 2 градусты көрсетеді. Түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғады. Бұл өңірдің шығыс аймағында жел екпіні секундына 15-20, күндіз 23 метр жылдамдықпен шаңдатады. Шымкент пен Түркістан қалаларында қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, кей жерлерде екпіні 23 метр жылдамдықпен құйындатады. Қызылордада шаңды дауыл қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м /с. Кей жерлерде 40 градус ыстық болады деп күтілуде.

Ақтауда 20 маусымда күндіз 38 градус ыстық болады.

Дауылдың болу ықтималдылығы 85-100%.

Тегтер: