Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 шілде, 08:34
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ғаламтордан

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 22 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 22 шілде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с.

22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 22-23 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде найзағай, солтүстік-шығыстан, шығыстан, жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 22-23 шілдеде кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда 22-23 шілдеде 35 градус қатты ыстық болады.