Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
Алматы. NEGE. 9 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Орал қ.:
9 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Түнде 9 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз 22°С дейін сақталады.
Ақмола облысы
9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысы
9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с.
Павлодар облысы
9 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Тараз қ.:
9-10 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.