2 Желтоқсан 11:35

Елімізде көлік қымбаттауы мүмкін

Фото:

 Елде автокөлік те оның бөлшектері де қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың пайымы осындай. Себебі автомобильдің қосалқы бөлшектерінің басым бөлігі импортталады.

Алматы, NEGE. Мәселен биыл он айдың өзінде шетелдік көліктер 23%-ке қымбаттады. Баға өскенімен шетелдік көлікті алушылар азаймаған. Елде ұсыныстан сұраныс көп. Себебі көктемдегі карантин кезінде сырт елден көлік әкелу мүмкін болмады. Оның үстіне машина жасау зауыттарында жұмыс тоқтаған. Осыған байланысты нарықта бос орын пайда болды. Сарапшылар «алдағы уақытта импорттық автокөлік тағы 20%-ке қымбаттауы мүмкін» дейді. Фармацевтика нарығындағы айналым 460 млрд теңгеге жетті Екі айда елдің фармацевтика нарығындағы айналым 460 миллиард теңге болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 22%-ке көп. Медициналық препараттар саудасының артуына не себеп болды. Мәліметтерге қарасақ, вирусқа қарсы дәрі-дірмекке сұраныс артқан. Әрине, бұл коронавирус пандемиясының салдары. Жалпы биыл қазақстандықтар препараттарды әдеттегіден үш есе көп тұтынған. Карантиндік қатаң шектеулер кезінде де, одан кейін де қазақстандықтар дәрі-дәрмекке көп қаржы жұмсады. Яғни нарықта сұраныс артты. Сәйкесінше, баға өскен.

Нақтырақ айтсақ, вирусқа қарсы препараттардың құны бірден 44%-ке өсті. Ал антикогулянттар 41%-ке қымбаттады. Қабынауға және инфекцияға қарсы медикаменттердің бағасы әдеттегіден 15%-ке артқан. «Досмарт» зерттеу орталығының мәліметтеріне қарағанда, биыл елде 50 миллион қорап медициналық препарат сатылған. Былтырмен салыстырғанда 20%-ке көп. Сатып алушылардың басым бөлігі 36 мен 50 жас шамасындағы әйелдер көрінеді. 

Жемқорлықпен күресу үшін үй алуға жеңілдік жасалмақ Елде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік салада істейтіндер үшін ипотека аларда алғашқы жарна төлеу қажет болмай қалуы мүмкін. Бұл несие беру кезінде жемқорлықты азайтады. Жемқорлыққа қарсы үш жылдық жоспарғады әзірлеу кезінде осындай ұсыныс жасалды. Айта кету керек, құжатта жылжымайтын мүлік және тұрғын үйге қатысты тағы екі норма бар. Алғашқысы бойынша үй жалдап тұрғаны үшін өтемақы алатындардың қатарына Төтенше жағдай қызметкерлерін қосу көзделген. Қазір мұндай төлемді тек Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне беріледі. Ал екіншісі – тұрғын үй кадастрының мәліметтерін сақтайтын бірыңғай портал жасау. Жаңа жүйе жер қатынастары саласында жемқорлықты жоюға көмектеседі. Қос норма қазір қоғамның ашық талқылауы үшін нормативті-құқықтық актілер порталында жарияланған. Талқылау 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тегтер: