10 Маусым 13:23

Елімізде қай өңірлердің ұстаздары жоғары жалақы алады?

Фото:

 Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 154,6 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6% өсті, деп хабарлады ranking.kz.

Алматы, NEGE. Мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері бұл секторда ең төмен жалақы алады. Олардың орташа жалақысы – 90,3 мың теңге. Инфляцияны қоса алғанда өткен жылмен салыстырғандағы өсім – 21,5 пайыз. Бастауыш білім беру сегментінің қызметкерлері – 137,74 мың теңге, өсім инфляцияны қоса есептегенде 36,1% артты. Орта білім беру қызметкерлері – 171,8 мың теңге, нақты өсім – 40,2%, жоғары білім беру қызметкерлері – 190,9 мың теңге, нақты өсім – 12,3%. Өңірлер бойынша білім саласындағы ең жоғары жалақыны елордалық қызметкерлер алады – 260,3 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,5% көп. Екінші және үшінші орындарда Алматы (181,3 мың теңге, 27,5%) және Алматы облысы (158,5 мың теңге, 49,5%) тұр. 17 аймақтың тек 4-інде ғана білім беру қызметкерлерінің жалақысы Қазақстандағы орташа жалақы деңгейінен жоғары. Ең төмен жалақыны Батыс Қазақстан облысының білім беру саласының қызметкерлері алады – 134,6 мың теңге.

Тегтер: