16 Мамыр 20:19

Елімізде аптап ыстық болып, найзағай ойнап, бұршақ жауады

Фото:

Қазақстанда аптап ыстық болып, найзағай ойнап, бұршақ жауады , - деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Шымкентте 17 мамырда шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін болатын жел күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-18 метр болады.

Қостанай облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 36 градусқа дейін аптап күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады.

18-19 мамырда күндіз Жамбыл облысында кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі.

Тегтер: