15 Мамыр 17:29

Елімізде 18 мамырдан бастап мешіттер ашылады

Фото:

  Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойылған уақытша шектеулер өз күшінде қалады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы брифингте мәлімдеді.

Алматы, NEGE.  «18 мамырдан бастап жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есіктері ашылады деген сөз емес. Өйткені, әрбір облыстағы карантиндік жағдай деңгейі әртүрлі», - деді. Бас санитарлық дәрігердің карантиндік режимнің кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысы негізге алынатынын айтып өтті. «Сонымен қатар өңірлердің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Осыған орай облыстағы мешіттеріміздің ашылуы сол өңірлердегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жүзеге асырылады», - деді бас мүфти.

Тегтер: