2 Мамыр 15:20

Елімізде 15 мың теңге қанша адамға беріледі?

Фото:

Мемлекет жағдайы төмен жандардың коммуналдық қызметке кеткен шығынын осы айдан бастап өтей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қазір жергілікті әкімдіктер тұрғындардың өтінішін қабылдап жатыр. Шамамен 1 млн 600 мың адамға көмек беру көзделген. Мемлекет сәуір және мамыр айларында коммуналдық қызметке кеткен шығынды төлеп береді. Яғни, көмекке мұқтаж әр адамның есепшотына 30 мың теңгеден түседі. Жауаптылар қаржылай көмек нақты кімдерге көрсетілетінін  айтып берді.

Тегтер: