11 Желтоқсан 08:37

Елімізде 13 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото:

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр, 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Тегтер: