6 Мамыр 14:14

Электр тоғымен балық аулаған тұрғын ұсталды

Фото:

Қызылордада электр тоғын пайдаланып заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 1 сәуір мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды. 4 мамырда ОПД-нің ЖПҚБ-ның табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері рейд барысында Шиелі ауданы Бестам ауылының тұсында “Nissan” автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды. Ұсталған тұрғыннан резеңке қайық, аккумулятор және 27 келіден аса балық алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Тегтер: