6 Мамыр 15:42

Елде қанша ардагер қалды?

Фото:
Елімізде

екінші дүниежүзілік соғыстың 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды", - деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.

Тегтер: