21 Маусым 18:33

Экс-депутат қайтыс болды

Фото:

Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Тарас Хитуов 1964 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Ақтаудағы пластмасс зауытының аппаратуралық жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь болып бастаған.

Екі рет Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, өзі туған Түпқараған ауданының әкімі болды, Маңғыстау облысында дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ әлеуметтік саясат және қызметкерлер жөніндегі басқарушы директоры, "Өзенмұнайгаз" АҚ жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, "Қаражанбасмұнай" АҚ кадр және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті, "Қаражанбасмұнай" АҚ Аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы ақпаннан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ омбудсмені болды.

Тарас Хитуов Парламент Мәжілісінің VI шақырылымында депутат, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі болған.

Тарас Хитуов - бокстан КСРО спорт шебері, атақты маңғыстаулық жаттықтырушы Александр Драчтың шәкірті.

Тегтер: