USD
USD
USD

Екібастұзда табылған төрт «маугли» баланың денсаулығы тексеріліп жатыр

Екібастұзда аш-жалаңаш табылған төрт баланың денсаулығы тексеріліп жатыр. Алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екібастұзда табылған төрт «маугли» баланың денсаулығы тексеріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Павлодар. NEGE.  «Төртеуінің де өкпесі қабынған. 2016 жылы туған баланың ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша балалардың денсаулығы орташа ауыр деңгейде болғанымен асқынулар жоқ. Дегенмен денсаулықтарына қатысты жағдай алаңдатады. Сондықтан ары қарай зерттеліп, тиісті медициналық көмек толығымен көрсетіледі», дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын төрт қабырғаға қамалған ауру сәбилердің табылғаны туралы ақпарат тарады. Волонтерлер жеті, бес, төрт және үш жастағы шиеттей балалардың ауыр халін көріп,  шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасын шақырған. Бүлдіршіндер өз бетімен жүре алмайды. Үлкен екеуінің аяқтары қайырылып, қисық бітіпті. Ата-анасы бола тұра, адам шошырлық жағдайға тап болған сәбилер қазір облыстық балалар ауруханасының ковид бөлімшесінде анасымен бірге жатыр.

Гүлнәр Буратаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Анасы бұған дейін балаларын өзі емдеп келгенін айтады. Көмек сұрауға ұялдым дейді. Бұл оның мінез-құлқында психологиялық кедергілердің барынан хабар береді. Балалар еш жерде тіркелмеген. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру басталды. Осындай деңгейге жеткізген медицина қызметкерлеріне қатысты өз кезегінде бекітілген заңға сәйкес шешім қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.