23 Қаңтар 08:45

Екі оқушы қыз жоғалып кетті

Фото:

Алматы облысы Ескелді ауданының екі мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл жөнінде облыстық полиция бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Алматы, NEGE. Қаңтардың 21 жұлдызында Ескелді аудандық полиция қызметіне Алдабергенов аулының екі бірдей тұрғынынан кісі жоғалғаны жөнінде шағым түскен. Анықталғанындай, олар 2006 жылы және 2008 жылы туылған кәмелет жасына толмаған екі оқушы қыз болып шықты.
Алдабергенов ауылының тұрғыны, Баисов атындағы орта мектептің оқушысы Ару Бекберді 8 сыныпта оқиды. Үстіне қызғылт түсті күрте киген, қара бас киімі бар, бұтына шалбар киген. Талшын Қызырбай 6 сынып оқушысы. Қызыл күрте, қоңыр бас киім мен шалбар киген. Екеуі де мектепке кеткен соң, сабақтарынан оралмаған.
Қазір іздеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшысының бақылауында.

Облыс тұрғындарына із-түзсіз жоғалып кеткен Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда Ескелді аудандық полиция басқармасына мына телефондар бойынша хабарласуын сұрайды: 8 (72836) 3-08-82, 8 777 846 43 88 немесе 102.

Тегтер: