2 Желтоқсан 17:07

Екі аптаға локдаун жариялана ма?

Фото:
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда локдаун жарияланатындығы туралы жалған ақпарат тарауда

, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE. stopfake.kz порталы What’s App мессенджерінде алдағы уақытта енгізілетін жаңа екі апталық локдаун туралы ескерту таратылуда деп жазады. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, баршаны тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Тегтер: