9 Мамыр 10:23

Біртанов: Вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы – әскерилер мен медицина қызметкерлері

Фото:

 Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған, бірақ ағзасынан дерт белгісі табылмаған азаматтар бұдан былай үйінде ем алады. Бұл туралы «Хабар 24» арнасына арнайы сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұл – халықаралық тәжірибе. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Алматыдағы вирус жағдайының 90 пайызы және елордадағы науқастардың 80 пайызы – бұл бойынан вирус іздері табылған, бірақ ағзасы мен жай-күйіне қатысты шағымданбаған азаматтар. Індет тасымалдаушылар скрининг тестілеу арқылы анықталды. Жалпы елде ұдайы жүргізілген профилактикалық тестілеу нәтижесінде науқастардың жартысынан астамы карантинге жатқызылды. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: "Бұрын вирус жұқтырғандардың бәрін жаппай ауруханаға жатқызып келдік. Бақыладық және емдедік. Бірақ халықаралық кеңеске байланысты медициналық шаралар жоспары өзгерді. Шетелдік әріптестеріміз бойынан вирус белгісі анықталмаған және сәйкесінше денсаулығына шағымданбаған адамдарды үйде оқшаулау бағытын ұсынды. Осылайша, азаматтарды емдеу әдісі өзгертілді" деді.

Еліміздің бас дәрігері айтқан статистикаға сүйенсек, вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы – гарнизондағы әскерилер мен медицина қызметкерлері. Енді олар ауруханаға емес, үй карантиніне жатқызылады. "Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету керек. Өйткені мемлекет бұрынғы экономикалық өмірге қайта оралуы тиіс. Жағдайды біз толық бақылауға алдық. Медицина қызметкерлері де індетті дер кезінде анықтауды, аурудың алдын алуды үйренді" деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, төтенше жағдай режимі тоқтатылып жатса да, жалпы карантиндік тәртіп мейлінше сақталуы керек. Өйткені ауру айтып келмейді. Ал ұшақ жолаушылары үшін полимеразды тізбекті реакция тестінен өту талабы әзірше сақталады. Сондай-ақ министр балалардың екпе алуы туралы сұраққа да жауап берді. Сұхбаттағы сөзіне сүйенсек, биылдың бірінші тоқсанында млн-нан астам адамға вакцина егілген.

Елде кезектен тыс карантиндік тәртіптің енгізілуі осыған себеп болып отыр. Негізі жылына 4 млн адамға дейін вакцина алады. Жыл басынан шамамен 700 азамат қана міндетті екпеге қатысты қарсылығын білдірді. Қайткен күнде де көптік балаларына екпе беруді құптайтын ата-аналар жағында дейді министр. Соңғы бес жылда тек 85-ке жуық асқыну жағдайы тіркелді. Оның тек екеуі қайғылы аяқтала жаздады. Оның өзінде бір жағдай расталмай шықса, екіншісінде тері асты іріңі анықталды. Вакцина кесірінен заңды түрде расталған өлім жағдайы әлі тіркелмеді.

Тегтер: