Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дулат Исабеков: Барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын!

Жаңаөзенде болған митингіге қатысты жазушы Дулат Исабеков пікірін білдірді.

Дулат Исабеков: Барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қымбатты жаңаөзендіктер, Маңғыстау мұнайшылары!

Сіздердің талаптарыңызды өте орынды деп есептеймін. Газдың үстінде отырып газ қымбаттаса, мұнайға шомылып отырып жанармай қымбаттаса, қамба толы астықтың үстінде отырып нан қымбаттаса, халық наразы болмағанда қайтпек?

Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын. Тек, араларыңызға араңдатушылар араласып кетпесін, содан сақ болғайсыздар.

Біздің үкімет өзін «еститін үкімет» деп жариялады ғой. Естіп, көріп отырған шығар бәрін. «Халық жазушылары мен халық артистері» халықтың жағында болатын шығар деп сенемін.

Әділдікті талап ету жолындағы наразылыққа билік бұл жолы күш көрсете қоймас. Тек, араңдатушылықтардан сақ болғайсыздар!", – деді драматург, жазушы. 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф