5 Қаңтар 17:37

«Дикий Арман» мен Леди Гаганы не байланыстырады?

Фото:

Америкалық әнші, композитор, филантроп, дизайнер әрі актриса Леди Гаганы танымайтын адам кемде-кем. Бірақ Леди Гаганың шын аты Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта екенін екінің бірі біле бермейді. Леди Гаганы «Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиевпен не байланыстырады?

Леди Гага 1986 жылы Нью-Йоркте туған. Түбі – итальян. Төтенше түрімен, эстравагантты қылығымен танылған әнші ЛГБТ қозғалысының белді мүшесі. Сонымен бірге қайырымдылық шараларына да аз қаражат жұмсамайтын көрінеді.

Шоу бизнесті жазатын түрлі ақпарат құралдары жұлдыздардың ерекше қимыл-қозғалыстарын саралай келе, Леди Гаганың шапшығалы тұрған мысықтай саусақтарын арбитып, тырнағын көрсетіп тұрған қимылына тоқталыпты.

Леди Гага

Дәл осы қимыл-әрекетті «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевті танитын жұрт жақсы біледі. Сенбесеңіз, төмендегі суретке көз салыңыз.

«Дикий Арман»

Леди Гаганың қазақстандық құрдасы «Дикий Арман» өзінің бұл қимыл-қозғалысын былай түсіндіріпті: «Көпшілік менің инстаграм каналыма жазып, бұл қимылдың нені білдіретінін сұрайды. Бұл белгілердің бірі қар барысын, екіншісі көкжалды білдіреді. Барыс біздің қазақтың жерінің, елінің белгісі болса, көкжал – түркілердің ауызбіршілігін көрсетеді».

«Дикий Арман» Леди Гаганы тануы мүмкін. Ал енді Леди Гаганың «Дикий Арманды» танитынына күмәніміз бар. Сол себепті бұлардың әлгі қимылынан байланыс іздеудің қажеті жоқ. Леди Гага өзінің бұл қимылын «құбыжықтың тырнағы» деп атапты. Ал «Дикийдің» бұл туралы не дегенін жоғарыда айттық.

Бірақ қимыл-қозғалыстары қатты ұқсайды, ә?!

Айтпақшы, әлеуметтік желіде «Дикий Арманның» «Адал» партиясын жарнамалағаны туралы әңгіме шыққан. Партия логотипімен түскен суреті де жарияланды.

Алайда партияның баспасөз қызметінің өкілі Назым Жанғазинова Арман Жұмагелдиевтің «Адал» партиясының жақтаушысы немесе мүшесі ретінде тіркелмегенін хабарлады. 

Тегтер: