8 Қаңтар 20:02

Дея, Миясара, Иасин: 2021 жылы қойылған сирек есімдер белгілі болды

Фото:

Алматыда жыл басынан бері 500-ден астам бала дүниеге келді. Олардың арасында есімдері ерекше нәрестелер бар.

Алматы, NEGE.  «1-8 қаңтар аралығында 553 сәби дүниеге келді. Әр минут сайын жаңа туған нәрестелер саны артып келеді», – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Майя Дүйсенбінова.

Сонымен қатар, ол жаңа туған нәрестелердің ата-аналары таңдаған 2021 жылдың сирек есімдерін атады.

Бұл Дея, Миясара, Иасин, Аглая, Анфаль, Көзайым, Самғар, Зейн, Рианна, Адалин. Былтыр, 01.01.2020 - 08.01.2020 аралығында 644 бала дүниеге келген.

Тегтер: