Депутаттар біліктілігін арттыруға миллиондар жұмсалмақ

03 ақпан, 17:51

Фото: google.com

Қазақстандағы мәслихат депутаттарына жаңа құқық беру қарастырылып жатыр. Ол үшін 647 миллион теңге бөлінеді.

Алматы, NEGE. Мәжіліс бірінші оқылымда «аймақтық, қалалық және ауылдық басқару деңгейінде тәуелсіздік пен жауапкершілікті кеңейту» мәселелері бойынша түзетулерді қарастырды.

Депутат Айгүл Нұркина Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке заң жобасы мен мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтетін нормалар енгізіліп жатқанын айтты.

«Енді мәслихат депутаттары бюджет қаражаты есебінен дайындықтан өту мен қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құқылы. Уәкілетті орган мәліметінше, бұл мақсатқа шамамен 647 миллион теңге бөлінеді. Сонымен қатар, заң жобасында осы норманың қалай іске асатыны көрсетілмеген. Мысалы, қалай, кім, қандай форматта, қандай жиілікпен? Бұл норма іс жүзінде қалай жүзеге асады?», – деп сұрады депутат палатаның жалпы отырысында.

Министр норма бойынша алғашқы екі жыл ішінде бес жылда бір рет оқуға болады деп жауап берді. Оқыту мемлекеттік басқару филиалдарында, 40 академиялық сағаттан өтеді деп жоспарланған.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Әсет Ерғалиевтің жауабына көңілі толмады.

«Дайындықтан өту және қайта даярлау дегеніміз не? Қайтадан диплом бересіңдер бе? 647 миллион? Дайындықтан өту және қайта даярлау нормасын белгілеу, бұл нені білдіреді?», – деп сұрады ол.

Ерғалиев ақша біліктілікті арттыруға жұмсалатынын айтты.

«Үшінші рет сұрап тұрмын. «Дайындықтан өту және қайта даярлау» деген нені білдіреді?

«Біліктілікті арттыру» – бұл түсінікті жүйелі түрде қарау керек. Іс жүзінде не істеледі... Екі оқытушыны шақырып, біліктілігін арттырды деп санаудың қажеті жоқ. Сондықтан шартарды толығымен қайта жазып, "дайындықтан өту және қайта даярлау», дипломдар мен сертификаттар беру бойынша түсінікті жазуды сұраймыз», – деді Нығматуллин.

Мәжіліс бірінші оқылымда биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердің түзетілуін мақұлдады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации