Депутат Божко: Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес! news video

29 шілде, 12:50

«Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!». Қоғам белсенділерінің «демалыс кезінде немен айналысып жатырсыз?» - деген сауалына Мәжіліс депутаты Владимир Божко осылай жауап берген. 

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде азаматтар «ханның баласы» болса да, қараша халыққа дұрыстап жауап берсін деп сын айтуда. Иә, халық қалаулылары қазір демалыста. Десе де өз уақытын қиып, қоғамдағы өзекті мәселелердің басы қасынан табылып жүргендер де жоқ емес.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. 

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина карантин кезінде халық қалаулылары нендей шаруа тындырып жатқанын білмек болып көбіне хабарласыпты. Бірі жауап қатқан, екіншілері телефонын көтермеген. Владимир Божко болса, фейсбук арқылы былай депті.

«Сіз құрметтім, бір нәрсені шатастырып отырған сияқтысыз. Маған дауыс берген жоқсыз, сәйкесінше сайлаушым емессіз. Жұмыс берушім де сіз емес».

Айгүл Өтепова «сенген қойым сен болсаң» дегеннің керісі екенін айтады. Ассамблея атынан мәжіліске өтіп, төрағаның орынбасары болған Божко өзіне қатысты ешқандай шараның қолданылмайтынынын білген соң, осылай қыр көрсетті, дейді.

«Сіздің айлығыңыз халықтың салығынан құралады. Салық халықтың ақшасынан құралады. Сондықтан сұрауға менің қақым бар дедім. Мемлекеттік қызметкердің этикасы бар. Ол документ ретінде шыққан. Божко оны оқымаған шығар, менсінбейтін шығар», - дейді қоғам белсендісі Айгүл Өтепова.