26 Мамыр 16:46

Депозиттерден Т33 млрд алынған

Фото:
Қазақстандықтар сәуір айында депозиттерінен Т33 млрд алған, деп хабарлады Ұлттық банк.


Алматы, NEGE.  «Қазақстанда депозиттер көлемі 1 мамырда 0,3% қысқарды немесе Т32,961 млрд. қысқарып, Т9,85 трлн дейін жетті», - делінген сейсенбіде таратылған Ұлттық банк есебінде.
Бұл ретте, халықтың теңгедегі шұғыл салымдары сәуірде 1,8% немесе Т78 млрд өсіп, Т4,37 трлн жеткен, валютадағы шұғыл салымдары – 8% қысқарып, Т4,03 трлн. жеткен.
Талап еткенге дейінгі ағымдағы шоттары мен салымдары сәуір айында 25% дейін өсіп, Т1,13 трлн болған, валютадағы ағымдағы шоттары – 3%-ға, Т318 млрд дейін жеткен», - делінген есепте.

Тегтер: