26 Маусым 15:02

Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары ауысты

Фото:

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрлері ауысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Алматы, NEGE. ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Мұрат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында аспирантураны, Эмори университетінде Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін тәмамдаған.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қаулысымен Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

Тегтер: