26 Қараша 16:33

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото:

Қазақстан бойынша 27-29 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алматы, NEGE. Синоптиктер еліміздің солтүстігінде қар жауып, аяз күшейетіні туралы ескертті. Қар жауғаннан кейін Солтүстік-батыс антициклоны ығысады. Мұның әсерінен аймақта жауын-шашын азайып, температура төмендеуі күтіледі. 

Батыста күндізгі ауа температурасының көтерілуі болжанады. Солтүстікте ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 7-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Оңтүстік-батыста температура 12 градусқа дейін көтерілсе, батыс аймақтарда 0-5 градусқа жылынуы ықтимал. Ал Қазақстанның шығысында түнде 8-16 градус, күндіз 0-10 градус аяз күтіледі. 

Республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасы 0-10 градустан 0-5 градусқа жылынуы мүмкін. Күндіз 3-15 градусқа көтеріледі. 

Оңтүстік-шығыста температура төмендеп, түнде 0-10 градус аяз, күндіз 3-11 градус болады деп күтіледі.

Тегтер: