USD
USD
USD

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы заңгерлерді соққыға жыққан

Алматыда заңгерді соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы заңгерлерді соққыға жыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растап отыр.

"Ол кәмелетке толған адам. Иә, ол менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқыққорғау органдары қабылдайды", - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов тілшіге. 

Заңгер Анна Дмитриевичтің сөзінше, ерлі-зайыпты кешкісін таксиге отырмақ болған. Сол сәтте оларға бір жас жігіт келіп, қыз баланы біреудің аяусыз ұрып жатқанын айтып, көмек сұраған.

«Біз ойланбастан көмекке барып, қызды ұрып жатқан жігітті тоқтатпақ болдық. Қыз бала мені құшақтап, «көмектесіңіз» деп жан ұшыра айқайлап жатты. Сол сәтте әлгі жігіт қызды қойып, бізге қол жұмсай бастады. Күйеуім қатты соққыдан жерге құлады. Ол тұрмақ болған кезде бұзақы оның басынан доп тепкендей тебе бастады. Сондай-ақ күрес тәсілдеріне салып, бірнеше рет лақтырды да», - деді Анна.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер