30 Мамыр 18:49

Дәрігерлер бригадасы қаза тапты

Фото:

6 мамырда Атырау-Астрахан трассасының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың бәрі - жүргізуші мен екі дәрігер қайтыс болды. 

Алматы, NEGE. 42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы - 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған. Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды.

"АЖ" сайтында жарияланғаннан кейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бұл олардың көлігі емес, Исатай аудандық санитариялық дәрігерлік амбулаторияның көлігі екенін нақтылауды өтінді.

Тегтер: