USD
USD
USD

Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстырды

Азамат Мұхамедчинов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Азамат Мұхамедчиновты таныстыра отырып, оның кәсіби тәжірибесін атап өтіп, жұмысына табыс тіледі», – делінген хабарламада.

Азамат Мұхамедчинов 1978 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2013 жылы "экономика және бизнес" мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастаған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін Риддер қаласындағы "Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназиясында оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2012 жылға дейін "Мәдениет сарайы" директоры, Риддер қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдың сәуірінен бастап Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарған.

2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды. 2019-2020 жылдары Азамат Мұхамедчинов Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды. 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Балаева «Ахуал сегодня» YouTube авторының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева

Алматылық дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған кішкентай баланы аман алып қалды

омыртқаға жасалған ота

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты

Мұнай экспорты

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Бақытжан Байжанов