USD
USD
USD

Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен не үшін ажырасқанын айтты

Танымал тележүргізуші, Сенат депутаты Дана Нұржігіт Аман Тасығанның «Ең алғашқы» бағдарламасын бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен құрған отбасы туралы айтты.

Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен не үшін ажырасқанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізушінің «Владимир Рерих мырзаны басыңызға қонған бақ деп бағалайсыз ба?» деген сауалына тележүргізуші тұщымды жауап айтты.

«Бір кездері солай болған, ол бір жағынан менің журналистикадағы алғашқы ұстазым. «Хабарда» жұмыс істеп жүргеніме 4 жылдай болған. Бір жағынан мен қалай көңіл білдіремін ол кісіге? Ол кісі отбасылы болды. Оның сезімін сөздерінен, маған деген ниетінен ұқтым. Бірақ мен көңілдес болуға жарамаймын деп бірден айттым. Мен ондай қарым-қатынаста ньюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін не ақ, не қара болу керек. Сонда ғана ол кісінің басы босады, сосын барып біз қосылдық», - деді ол.

Сонымен бірге ол онымен қалай ажырасқанын да алғаш рет айтып берді.

«Өйткені мен өзгердім, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімге қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан, мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер дедім. Қазір баласымен жиі араласып тұрады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы