8 Мамыр 19:15

Дәмір Көпжасаров: Екпе алған дұрыс

Фото:
Д

енсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дәмір Көпжасаров  Қазақстандағы вакцина мәселесі жайлы сөз етті

Алматы, NEGE. «Вакцина адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Екпе болмаған кезде адам өлімі көп болды. Ол қазір де бар. Әлем бойынша 9 млн адам инфекциядан қайтыс болады екен. Екпені алған дұрыс. Көп ата-аналар балаларына екпе салдырудан қорқады. Оның сапасы қандай, қандай әсер береді деп ойлайды да көп мәселеге көз жұма қарайды. Барлығы әлеуметтік желідегі бейнежазбалар мен тартылған жазбаларға байланысты бас тартуда. Екпенің қандай пайдасы бар екендігіне көз жеткізбестен оны қабылдамай қояды. Ең соңы осындай қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Сондықтан екпені уақытылы алып отырған жөн», - деді спикер. 

Тегтер: