23 Маусым 12:55

Covid-19: Елде ПТР тест жоқ

Фото:

Елімізде коронавирусты анықтайтын арнайы ПТР тест жоқ. Соңғы 3 күнннен бері денсаулығына күдігі бар тұрғындар сынама таппай сенделіп жүр, деп хабарлайды Еуразия Бірінші арнасы

Алматы, NEGE. Осы мәселе бойынша, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-практикалық орталықтың басшысы Жанар Сүлейменова өзінің фейсбуктегі парақшасында жауап берді. Оның сөзінше, соңғы үш айда елдегі зертханалардың қуаты тәулігіне 6 мыңнан 30 мың тестке дейін артқан. Сол себепті, сынамалар жетпей жатқан көрінеді.

Ал, күні кеше министрлік алаңдаған азаматтарды Covid-19 белігілері байқалған жағдайда ғана сынама тапсыруға шақырды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде тұрғындардан 1,2 млн ПТР сынамасы алынған. Дәл осынша арнайы тест алдағы 10 күнде сатып алынады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: