10 Мамыр 09:28
Covid-19: 790 адамның жағдайы нашар
10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063 пациент стационарда, 26 660 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 790 адамның жағдайы ауыр,
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.