27 Мамыр 17:31

Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 3 адамға сыйақы берілді

Фото:

Биылғы жылдың 5 айында ауыр түрдегі сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 3 елорда тұрғынына 612 570 теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлық орын алатыны және орын алғаны туралы хабарлағаны үшін 2019 жылы жалпы сомасы 1 млн 590 750 теңгеге 9 азамат ынталандырылды. Өткен жылы 4 тұлға жалпы сомасы 627 820 теңгенің сыйақысы табыс етілді. Ал биылғы жылдың 5 айында біздің департамент 612 570 теңге сомасына 3 адамды сыйақымен марапаттады. Олардың үшеуі де ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс туралы хабарлады», - деді М. Хайруллин аталған ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады», - дейді ол.

Тегтер: