17 Мамыр 18:00

«Бүркітке тұрмысқа шығып, Аиша атандым»

Фото:

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларының бетін ашты. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне бет бұрғанын айтты.

Алматы, NEGE. “Менің анамның ұлты – орыс. Мен өзім де бұрын шоқынғанмын. Шын есімім –Виктория. Тұрмысқа шығар алдында Ислам дінін қабылдадым. Сол кезде мұсылманша Аиша есімін алдым”, – деді Аиша.

Аишаның айтуынша, Ислам дінін қабылдамай тұрғанда да ол сахнаға Бүркітпен бірге Аиша есімімен шыққан.

“Көпшілік ойлап жатады, Аишаның бұл есімі лақап аты деп. Некемізді қиғанда Аиша мұсылман дінін қабылдады. Сосын Аиша атанды”, – деді Бүркіт.

Тегтер: