19 Маусым 17:39

Бурабай мен Зерендіге блок бекеттер қойылады

Фото:

Курорттарға кіруге уақытша тыйым салынады, ал Бурабай мен Зерендіде демалып жатқандарды ешкім қуып шықпайды

Алматы, NEGE. Ақмола облысының курорттары – Бурабай мен Зерендінің айналасына кешкі 18.00-ден бастап уақытша блок бекеттер қойылады.

«Блок бекеттер әзірге орнатылған жоқ. 18.00-де қоя бастайды. Курорттардың аумағына кіруге толығымен тыйым салынады», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Бурабай, Қапшағай, Баянауыл және басқа да ірі курорттар демалыс күндері – 20-21 маусымда туристер үшін жабық болатыны хабарланды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осмындай шешім қабылдаған.

Ақмола облысы туризм индустриясы және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов мәлімдегендей, қонақ үйлер мен шипажайлардан алдын ала орын алып қойғандардың ақшасы қайтарылады. Сондай-ақ, оларға броньды кейінге, қолайлы уақытқа ауыстыру ұсынылады. Ал қазір курортта демалып жатқан туристерді ешкім қуып шықпайды.

Тегтер: