25 Маусым 18:54

Букмекерлерге не болды?

Фото:

ҚР Парламентінің жоғары палатасы бірнеше заңды қабылдады, – деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобаларын қабылдады.

Сондай-ақ, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қабылдады.

Заңға енгізілген өзгеріс  2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген әрі жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген халықтың шетел валютасындағы ипотекалық қарыздары бойынша жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ақшаны жылыстату, капиталды елден шығару қаупін азайту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында төлем жүйелерімен қоса, банктік емес ұйымдардың қызметін реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Банктерге қазақстандықтардың қатысуынсыз валюталық зайымдарды конверсиялауға рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, жоғары палата «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңды қабылдады.

Заң жобасында букмекерлік кеңсенің клиеніне қатысты ақпарат алу туралы норма бар. Осы мақсатта Қазақстанда ставкаларды есепке алу орталығын және ставкаларға қатысушылар туралы ақпарат базасын құруды жоспарланып отыр.

Тегтер: