27 Маусым 08:37

Бүгін Медеу мен Шымбұлақ жұмыс істей ме?

Фото:

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 27-28 маусымда демалыс күндеріне енгізілген жаңа шектеу шараларын түсіндірді.

Алматы, NEGE. Ол осы демалыс күндері ереже алдыңғы аптамен салыстырғанда әлсіздеу болатынын хабарлады. Атап айтқанда, 27-28 маусымда туристік нысандар жұмыс істей береді.

"Саябақтар, скверлер, Медеу, Шымбұлақ, сондай-ақ, Панфилов көшесі мен Арбат жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін ашық болады. Үйде отыру да зиян", - деді Алматы әкімінің орынбасары.

Ол сондай-ақ автожанармай құю станциялары да жұмыс істейтінін айтты.

 

Тегтер: