15 Қараша 10:24

Бүгін елордада қоғамдық көлік қатынай ма?

Фото:

 Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Дүйсенбі күні 16 қарашада автобустар қалыпты режимінде қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді. Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз.

Тегтер: