3 Мамыр 09:22

Бүгін ауа-райы жауынсыз болады

Фото:

3 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Оңтүстікте желмен шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстікте – тұман, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында түнде жекелеген аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Күндіз жылдамдығы 23-28 м/с артады. Түнде жекелеген аумақтарда найзағай, бұршақ болжанады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында 15-20 м/с күшпен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының жекелеген аумағында найзағай ойнайды.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 5 градус дейін үсік күтіледі.

Тегтер: