23 Маусым 10:39

Бүгін ауа-райы қандай болады?

Фото:
Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Қазақстанның солтүстік және оңтүстік облыстарына атмосфералық фронталды бөліктер бұрынғыша өз ықпалын сақтайды, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, шығысында – тұман», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +17+19.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.
Ақмола облысында жаңбыр күтіледі, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30 (оңтүстігінде +34), түнде +7+12 (оңтүстігінде +17).
Алматы облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады, күн ысиды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +31+36, түнде +14+19.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +26+31, түнде +10+15.
Жамбыл облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +19+24.
Қостанай облысында күндіз жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында шығысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +4+9.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +31+36, түнде +15+20 (оңтүстігінде +23).
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: