6 Маусым 08:32

Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ болжанады.

Алматы, NEGE. Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады. Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде - тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Тегтер: