USD
USD
USD

Brent мұнайының бағасы 125 доллардан асты

 Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 2,2%-ға өсіп, барреліне 125,02 долларға дейін қымбаттады.

Brent мұнайының бағасы 125 доллардан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, Brent мұнайы баррелінің бағасы 9 наурыздан бері алғаш рет 125 доллардан асты, деп хабарлайды Turan. Осы арада Нью-Йорк тауар биржасында шілдеде жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 2,1%-ға өсіп, 123,45 долларды құрады. Мұнай бағасы әлемдік нарықтағы тапшылық қаупінен көтерілді. Ливияда саяси дағдарыс жағдайында мұнай экспортының күрт төмендеуі нарық қатысушыларын үрейге түсірді. Елдегі толқулар салдарынан Ливиядағы мұнай өндірісінің деңгейі 90% төмендеген. Ливияның тәулігіне 1,2 миллион баррель өндірісінен небәрі 0,1 миллионы ғана қалды. Бұған дейін мамырда ОПЕК елдері мұнай өндіруді тәулігіне 176 мың баррельге азайтып, ұйымның ай сайынғы есебіне сәйкес 28,5 миллион баррельге дейін төмендеткені хабарланған. Мамырда мұнай өндіруді шектеу туралы ОПЕК+ келісіміне қатысушы ОПЕК елдері келісімді 196%-ға орындады. Осылайша, мамыр айында тәулігіне 25,59 млн баррель өндіріп, рұқсат етілген өндіру деңгейінен 1,05 млн баррельге артта қалды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.