8 Мамыр 13:29

Болат Өтемұратов Мақтаарал ауданына 6 млн доллар бөледі

Фото:

Болат Өтемұратов Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 150 үй салу үшін 6 млн АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы Болат Өтемұратов Қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE.  «Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов Қорының қаржыландыруымен 150 үй салынбақ. Олар көршілес Өзбекстанда болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан орын тапқан тасқыннан зардар шеккендерге берілетін болады. Қайырымдылық ұйымның құрылтайшысы бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов осы шараға 6 млн АҚШ долларын (2,5 млрд. теңге) бөлгенін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер аудан орталығы Мырзакент қаласының жаңа шағын ауданында салынады. Мұнда баспаналары бұзылған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары көшіріледі. Жаңа шағын ауданға барлық коммуникациялар тартылып, балабақшалар мен мектептер салынады. Еске салсақ, ресейлік кәсіпкер Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының бөгеті бұзылуы салдарынан жапа шеккен мақтааралдықтарға 5 млн доллар аударған болатын. 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Түркістан облысындағы ауылдарды су басып қалды. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі сағат 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.

Тегтер: