1 Мамыр 14:53

«Болашақ» бағдарламасына қатысатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді 

Фото:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығы бойынша тізімге  207 оқу орны енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Халықаралық бағдарламаға ұсынылатын шетелдік оқу орындары мен ұйымдар 3 халықаралық академиялық рейтингке кіруі және кемінде 2  рейтингтің алғашқы 250-ші позициясында тұруға тиіс.  Конкурсқа құжат 4 мамыр мен 28 қазан аралығында қабылданады. Конкурс 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.  Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің үздік оқу орындарында 73 мамандық бойынша білім алуға болады.

Тегтер: