11 Мамыр 20:20

Боди массаж қызметінен айырды

Фото:

Алматы қалалақ полиция департаментінің қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Алматы қалалық полиция департаменті қызметкеріне қатысты видео пайда болды. Онда кадрдан тыс сөйлеген бойжеткен «ер адамды өкілеттігін асыра пайдаланды» деп айыптайды. Сондай-ақ, тағы екі ер адам оның боди массажға келгенін, содан кейін интим қызмет талап етіп, қызды зорламақшы болғанын айтады. Полиция қызметкері бәрін жоққа шығарады. Роликтің соңында жанжал басталады. Ақыры полицейдің қызметтік куәлігін видеоға түсіреді. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген. «Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы ПД патрульдік полк қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды», - деп хабарлады полициядан.

 

Тегтер: