16 Мамыр 16:44

БҚО-да жүк көліктері соқтығысты: екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

Фото:

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам мен 39 жылқы қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Орал, NEGE.КамАЗ-дың жылқы тиелген тіркемесі болған, ал Mercedes-Benz көлігі жүксіз, бос келе жатқан. Екеуі соқтығысып, кейін жүк көліктері өртенген. 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 15 мамырда сағат 23.56-да Қаратөбе ауданының маңында, Самара-Шымкент тасжолының 464-ші шақырымында болған.

"40 жылқы тиелген КамАЗ бен түрік нөмірлері тіркелген Mercedes-Benz Actros фурасы бетпе-бет соғысқаннан кейін өрт шықты. Ауыр жүк көліктері толығымен өртеніп кетті, 39 бас жылқы да өртенді. Көліктерден күйген екі мәйіт шығарылды, бір адам әртүрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тегтер: