6 Ақпан 10:55

Біртанов коронавирусты анықтайтын тест жүйемен танысты

Фото:

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қалалық ұлттық сараптама орталығы бөлімшесінің вирусология зертханасын аралады. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы,NEGE. Министр аса қауіпті аурулардың, соның ішінде Қытайда анықталған коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша астаналық зертхананың дайындық деңгейін тексерді.

«Біз Ресейден жаңа коронавирусты инфекцияны диагностикалау құралдарын тегін алдық. Тест-жүйені жеткізу Роспотребнадзордың жұқпалы аурулар қатеріне қарсы күрес жөніндегі әлеуетті арттыруда көрші мемлекеттерді қолдау шараларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл тест-жүйені «Вектор» федералдық бюджеттік ғылыми мекемесі Вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығының жетекші ғалымдары әзірледі. Қазіргі уақытта 2019-nCoV жаңа типті РНК зерттеулеріне арналған тест-жүйе жеткілікті мөлшерде жеткізілді. Талдау «нақты уақыт» режимінде полимеразды-тізбекті реакция әдісімен жүргізіледі», - деді вирусологиялық зертхана меңгерушісі Айнаш Мақұшева.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының жұмысымен танысты. Бұл зертхана 2019 жылы тамызда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының базасында құрылған.

Тегтер: