USD
USD
USD

Біркөлік шатқалында адасып кеткен 3 турист тікұшақпен құтқарылды

 Құтқарушылар Түркістан облысы Біркөлік тауында адасып кеткен үш туристі эвакуациялады, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Біркөлік шатқалында адасып кеткен 3 турист тікұшақпен құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 маусым күні сағат 15:40 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданының «101» қызметінің басқару пультіне азамат Ж.Тәжімұратовтан хабар келіп түскен. Ол сағат 12-00 кезінде 3 адамның тауда адасып кеткенін жеткізді. Демалушылардың құрамында 3 адам бар, олар - 1994, 1994 және 1993 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғындары. Туристер Біркөлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен.

Қайтып келе жатқанда олардың біреуі ауырып қалады, сөйтіп олар өз бетінше таудан түсе алмайтынын түсінген. 16: 33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы аттанды. Түркістан облысы төтенше жағдайларды департамент бастығының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген. 17:25 кезінде тікұшақтағы іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы