«Birgemiz» қоры 24 мың тұрғынға көмек берді

13 мамыр, 19:34

Фото: google.com

Петропавлда «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XXIX есеп беру-сайлау конференциясының делегаттары Саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы есебін талқылады.

Алматы, NEGE. «Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, конференцияға өңірлік филиал төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Қазір СҚО-да партияның 28,5 мыңнан астам мүшесі бар, ол 246 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. XXIX есеп беру-сайлау конференциясында өткен екі жылдағы басты партиялық оқиғаларға басымдық берілді.

«Партия коронавирустың алғашқы толқыны кезінде халықты қолдады. Өңірдің 23 761 тұрғынына «Birgemiz» қорынан 1 млрд 188 млн теңгеден астам қаржы аударылды.

«Jas Otan» волонтерлері белсенділердің қолдауымен 3 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмелерге 14 мыңнан астам өтініш түсті, олардың 37 %-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің басым бөлігі – 1895-і тұрғын үй- коммуналдық салаға, 1289-ы -әлеуметтік қамсыздандырға және тұрғын үй және жер учаскелерін бөлуге, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары бойынша болды.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында 1 900-ден астам іс-шара өткізілді», – дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации